С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында волонтер Ким Ми Хянг (Пусан қ., Оңтүстік Корея) «Путкыльси – корей каллиграфиясы өнері» сабағын өткізді.
Сабақта кафедра оқытушылары мен студенттері сүрме, сия тасы, қағаз, қылқаламды қолдана отырып, каллиграфия өнерінде өздерін сынап көрді.
Каллиграфия (грек. kallіgraphіa – көркем жазу) – көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері дамуы тарихымен тығыз байланысты. Каллиграфия оқуға қолайлы ғана емес, сонымен қатар хатқа графикалық эмоционалды-бейнелі ұғым беру мақсатын көздейді.
Баспасөз қызметі