Айшагүл Елеубаева 32-нші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарына қатысып, бокстан әйелдер арасында үшінші орын алды. Спортшы Таиланд корольдігінің Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер сынына қатысты.
Айта кетейік, 32-нші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары 2023 жылдың 5-16 мамыры аралығында Камбоджа Корольдігінде өтті. Оған 46 спорт түрінен бақ сынаған 11 елдің спортшылары қатысты.
Жас спортшымызды шын жүректен құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен бар жақсылықты тілейміз!