- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Бүгінгі күндері оңтүстік өңіріндегі мектеп бітіруші түлектер арасында «Мәңгілік ел жастары –индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында «Серпін күндері» атты үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазақстанның 19 жоғары оқу орындарынан өкілдер Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Маңғыстау облыстарында аудандарды аралап, түлектер мен ата- аналармен кездесулер ұйымдастырып кәсіптік бағдар жұмысын жүргізіп жатыр. ШҚМУ тарапынан өкіл ретінде экология және география кафедрасының аға оқытушысы Қалиакперова Нұрлыхан Заманбекқызыда қазіргі уақытта бұл игілікті шараға белсенді қатысуда. ШҚМУ-да білім алып жатқан оңтүстік жастары: Батырбай Әбілхайыр «Физика», 3 курс, Мұхтарқызы Салтанат - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 3 курс, Толегенова Назгүл – «Физика», 2 курс, Оразбек Ақерке, «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2 курс, Анас Бағдаулет – «Физика», 3 курс студенттері өз жоғары оқу орнына көмектерін аямай көрсетуде. Еліміз үшін атқарылып жатқан істеріне сәттілік тілейміз!
ШҚМУ «Серпін - 2050» штабы