Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы ШҚУ студенттеріне онлайн дәріс өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті бірлесе «Сен нені ескермей жүрсің?» атты дәрігермен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Оған Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Нұркенова қатысып, дәріс оқыды.

Онлайн барысында вирустық аурулардан қорғану жолдары, көктемгі витамин жетіспеушілігі кезінде иммунитетті жоғарылату, коронавирустық инфекция кезіндегі дәрумендердің пайдасы, вакцинаның маңызы және қарапайым тазалық ережесін сақтау жолдары туралы айтылды.

Тыңдаушылар өткен шараға ризалықтарын білдіртіп, алған мағұлматтары өте пайдалы болғанын атап өтті.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo