Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен қаласының әкімі ШҚМУ-ды «Таза аула» акциясына белсенді қатысқаны үшін марапаттады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері «Таза аула» акциясына белсенді қатысқандары үшін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың алғыс хатына ие болды.

Алғыс хаттар алғандар қатарында өзге оқу орындары, кәсіпорындар, ПИК-тер және жекелеген қала тұрғындары бар.

Естеріңізге салар болсақ, шаһардың және оқу ғимараттарының аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру, тазалау мақсатында қала әкімдігінің 2018 жылдың 11 қыркүйегіндегі қаулысымен тазалық айлығы жарияланған болатын.

ШҚМУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері ЖОО ғимараттарының аумақтарын тазартуға белсенді қатысты.

Әкім оқу орнымызға Өскемен гербі бейнеленген құрмет белгісін де табыс етті.

Айлық кезінде 5 жалпықалалық сенбілік өткізіліп, 12 мың тонна қоқыс жиналған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo