Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен қаласының прокурорлары студенттермен кездесті

Өскемен қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп, «Серпін» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған «Халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Іс-шара қаланың бір университетінде өтті. Қатысушылардың алдына Мысырдың «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің докторанты, әйгілі дін танушы, дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығының исламды зерттеу Бөлімінің басшысы Мұқан Исахан сөз сөйледі.

Бүгінде Өскемен қаласында «Серпін» білім беру бағдарламасы бойынша 1509 студент оқиды. Аталмыш мемлекеттік жоба оңтүстіктен келген жастарға солтүстік облыстардағы жоғары білім оқу орындарына грантқа түсіп, еңбек нарығына қажетті мамандық алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Кездесу кезінде мамандар оңтүстіктен шығысқа оқуға келген жастар бастапқы кезде жаңа өмір жағдайларына бейімделу процесінен өтетінін атап өтті. Олардың жас екендігіне байланысты өмірге деген көзқарастары қалыптаспағанын, осы себепті жат ағымдардың ықпалына түсу қаупінің жоғары екендігі де назардан тыс қалмады. Сондықтан, «серпіндіктерде» діни-экстремистік ағымдарының насихаттарына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылуда.

Осы мақсатта, Өскемен қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп, студенттердің діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған семинарларды өткізуіне бастамашылық танытты.

Семинарда заманауи қоғамның өміріндегі діннің ролі мен мәселелері, діндар адам қандай қасиеттерге ие болуы керектігі талқыланып, діни қызметті реттейін заңнама талаптары түсіндірілді.

Өскемен қаласының прокуратурасы

Қазақ
× You found a Typo