Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен қаласының жатақханаларында рейд жұмыстары жүргізілуде

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының ШҚОФ белсенділері арнайы мониторингтік топпен бірге қала жатақханаларында рейд шараларын жүргізуді бастады.

Аймақтағы рейд С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жатақханаларының корпустарында жүргізілді.

Мұндай рейд шаралары жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Комиссия мүшелері жатақханаларды аралап, олардың жағдайын тексерді. Студенттердің тыныс-тіршілігімен танысып, сауалдарын тыңдалды.  Ғимараттарда коммуникациялар дұрыс жұмыс істейді.

Ғимараттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, дәліздерде бейнебақылау камералары орналасқан және тұрақты қосылып тұрады. Рейд соңында жатақханадағы мәселелер бойынша тиісті нұсқаулар берілді.

Мониторингтік топ алдағы уақытта да жатақханалардын барлығында рейд жұмыстарын жалғастыратын болады.

ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақ
× You found a Typo