Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен әкімі аға буын өкілдерімен және жастармен кездесті

ШҚМУ «Рухани жаңғыру» конференц-залында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар аға буын өкілдерімен және жастармен жүздесті.

–Үлкенге құрмет – халқымыздың ежелгі дәстүрі. Еліміздің гүлденуі мен тыныштығы нақ осы аға буынның еңбегі екенін жақсы білеміз. Қаламыздың құрметті азаматтары әрдайым ел тағдыры үшін алаңдайды. Еңбек ардагерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасында және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған Елбасы идеяларының маңызын атап отыр, – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша «кездесуде тәжірибе алмасуға, ұрпақтар сабақтастығына бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша көптеген ұсыныстар айтылды. 2019 жыл – Жастар жылы екенін ескерсек, бұл ерекше маңызды».

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo