Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тұрғындар алдында есептік кездесу өткізді, жиын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №5 оқу ғимаратының акт залында өтті.

Қала әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды және биыл алда тұрған міндеттерді жылдағы дәстүр бойынша залдағы үлкен экраннан слайдтар арқылы түсінікті тілмен жан-жақты баяндады.

   – Есепті кезеңде 26 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтадық, 1911 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Былтыр мың орындық, мемлекеттік тілде білім беретін №48 мектепті аштық. Ана мен бала орталығының екі жүз орындық жаңа ғимараты іске қосылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірнеше балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр, биыл іске қосылады. Бұдан бөлек, ауданда Сәтпаев даңғылының бойында «Нұрлы жол» деп аталатын жаңа тұрғын ауданның құрылысы басталды, алғашқы бес үй бітуге тақау, – деген қала әкімі былтыр көпбалалы аналарға 56 пәтер берілгендігін атап өтті.

Соның ішінде жиырма екі көпбалалы ана жұмысқа алынып, артынша қызметтік пәтерге ие болған. Тағы бес баспананы демеушілер алып берген. Бұлардың көбісінің тұрмыстық жағдайы бұған дейін өте ауыр болғанын айтады қала басшысы. Алдағы уақытта қалада кезекте тұрған 343 көпбалалы отбасы да біртіндеп өз баспаналарына қол жеткізбек. Биылғы бірінші тоқсанның өзінде бұл санатқа жүз пәтер кілті тапсырылмақ.   

Сонымен бірге, қала әкімі қалалық ипподромның аумағында «Агромаркет» деп аталатын көтерме-бөлшек сауда орталығы орталығы ашылатынын мәлім етті. Оның құрылысы алдағы екі жыл ішінде жүргізілмек. Жақсылық Омар бұдан бөлек қаланың Сол жағалау аумағында кеңейтілген Сәтпаев даңғылына, Жібек жолы көшесіне, көлік инфрақұрылымын дамыту жайына да тоқталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo