Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің түлектері ШҚМУ мамандықтарымен таныстырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.

Кездесуге колледждің «Есептеу технологиялары мен бағдарламалау» мамандығының болашақ түлектері мен информатика пәнінің оқытушылары қатысты.

Мамандыққа бағыттау жұмысы барысында КҮжАТ кафедрасының оқытушысы З. Қабдрахманова факультеттің мамандықтары туралы бейнеролик пен кафедраның әрекеттері туралы ақпараттық мультимедиялық презентация ұсынып, университеттегі ТжКБ негізіндегі қысқартылған оқыту формалары туралы және гранттық орындар туралы ақпарат берді.

Студенттермен әңгіме жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылды, сауалнамалар толтырылды. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына толық жауап алды.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo