С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды.
Меморандум бағыттары – университет қызметінің бейіні бойынша ОӨК оқушыларын даярлау сапасын арттыру үшін жағдай жасау, бейіндік пәндер бойынша бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және апробациялау, білім алушыларды кәсіби бағдарлау саласындағы ынтымақтастық.
Бұдан басқа, меморандум жасасқан тараптар жинаған тәжірибемен, біліммен және ақпаратпен тұрақты алмасуды көздейді.
Баспасөз қызметі