Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемен педагогикалық институтының түлегі – жаңазеландиялық ғалым ШҚМУ-ға келді

Профессор, материалтану сарапшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, Жаңа Зеландиядағы «Optimech» компаниясының бас инженері Андрей Савченко ШҚМУ-ға келді.

Ол Жаңа Зеландиядағы білім мен ғылым туралы баяндама жасады. ШҚМУ-дың материалтану және қатты дене физикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Шағын сұхбат

- Андрей Олегович, ШҚМУ Сіз үшін бөтен емес, кезінде Өскемен педагогикалық институтында оқыпсыз …

- 1978 жылы мен ӨПИ-дің жалпы техникалық факультетін бітіргем. Сосын №11 мектепте жұмыс істедім, әскерге барып келдім, ӨПИ-ге қызметке шақырылдым. Өз факультетімде дәріс оқыдым, кейін Томск университеті қатты дене кафедрасының аспирантурасына түстім. Енді сабағымды аяқтап, өскеменге қайтам дегенде ғылым академиясынан жұмыс ұсынылды. Одақ ыдыраған соң ғылымнан кетіп, бизнеспен шұғылдандым.

- Жаңа Зеландияға қалай кетіп жүрсіз?

- Досым шақырды, 2001 жыл болатын. Жай көріп қайтуға барғам. Ұнады, азаматтық сұрадым. Содан бері аталмыш елде тұрамын, сол елдің азаматымын.

- Ол елдегі білім жүйесі немен ерекшеленеді?

- Мүлдем бөлек. Өз пәндері бар.

- Қайда істеп жүрсіз? Оқуыңыз өміріңізге көмектесті ме?

- «Optimech International» компаниясында жұмыс істеймін. Білімім өте көп көмектеседі. ӨПИ – мықты оқу ордасы болды.

- Студенттік шақтан есте не қалды?

- Құрылыс жасақтары ерекше есте қапты. Біз облыс ауылдарында қырман, қазандық, тұрғын үйлер салдық.

- Қазір оқу орны қалай екен?

- Шынымды айтсам, таң қалдым. Бәрі өзгеріпті. Оқу алаңдары көп. Оқытушылар білікті, шәкірттер алғыр. Тәжірибелі ұстаздар әлі жүр екен, Ахметжанов Бейсен 35 жыл еңбек етіпті.

- ШҚМУ мұражайына не берер едіңіз?

- Құрылыс жасағындағы штурмовкамды алып келем. Онда жұмыс өте қиың болса да, ол ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және достыққа үйретті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo