Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменде «Алтай Invest-2016» xалықаралық форумы өз жұмысын бастады

Облыс орталығында өтіп жатқан «Алтай Invest-2016» xалықаралық форумына С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері де қатысуда. 

50-ден астам ШҚМУ студенті тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімі мен Жастар ісі комитетінің жетекшілігімен облыстық драма театрында өтіп жатқан пленарлық отырысқа, сонымен қатар Жекпе-жек сарайындағы инвестициялық жобалар көрмесіне қатысуда. 

Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, өндіріс, энергетика және туризм саласындағы инвестициялық әлеуетімен танысу үшін 14 мемлекеттен 300-ден астам делегат келді. 

- Мемлекет басшысы инвестициялық климат, әріптестік байланысты дамыту, аймақтардың шетелдік және отандық инвесторлармен әріптестік байланысын нығайту саясатын жақсартуды жалғастыруда. Бұл форумның біздің облыс үшін маңызы зор. Әріптестікке дайынбыз және инвесторларды екі жаққа да тиімді шарттарда бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Аxметов. 

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша жалпы құны 218 млрд теңгеге 9 келісім мен меморандумға қол қойылды. 

Айта кету керек, «Алтай Invest-2016» xалықаралық форумының ресми сайты http://altaiinvestforum.kz

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo