Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменде «Біз жаспыз – біз таңдаймыз!» ұранымен дебаттық турнир өтті

20 қазан күні Өскемендегі студент жастардың қатысуымен «Біз жастармыз – біз таңдаймыз!» ұранымен қалалық ашық дебат турнирі өтті.

Турнирге 5 команда қатысты. Турнир ұйымдастырушылары Қазақстан халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті болды.

Пікірсайыс турнирінің мақсаты – жас сайлаушылардың құқықтық, электоралдық мәдениетінің деңгейін, сайлау құқығы мен сайлау процесін зерделеуге қызығушылықтарын арттыру, жастардың назарын берілген тақырыпқа аударатын пікірталас өткізу арқылы жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.

Коронавирустық пандемияға байланысты пікірталас онлайн режимінде өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.А. Нәбиев қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі, ол «Жастар – қоғамның маңызды әлеуметтік және электоралдық ресурсы» деп атап өтті.

– Біз жастардың қоғамдық-саяси өмірге, сайлаушылар ретінде де, сайлауды ұйымдастырушылар, кандидаттар, сайлау процесінің өзге де қатысушылары ретінде сайлауға қатысуына мүдделіміз. Жастардың пікірін есту біз үшін өте маңызды, – деді ол

– Пікірталас – болашақ заңгерлерге қажетті көшбасшылық қасиеттер мен құзыреттерді дамытудың тамаша технологиясы, – деп атап өтті заң ғылымдарының докторы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қ. Рахымбердин.

Қазылар алқасының төрағасы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Нәбиев болды. Қазылар алқасының мүшелері ретінде Қ. Рахымбердин, Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның Шығыс Қазақстан филиалының заңгері А. Жапалова сөз сөйледі.

Әділ және қызықты жарыс барысында келесі командалар жеңімпаз атанды: 1 орын – «Жас заңгерлер» (Марина Мограбян, Александр Семенов), 2 орын – «Оптимистер» (Екатерина Реммих, Полина Иванова), 3 орын «ҚАЕУ көшбасшылары» (Вадим Дрепин, Данияр Батинов), 4 орын – «Фемида» (Шынар Бауыржанова, Әсел Ерікова), 5 орын – «Гамильтон және Джефферсон» (Ерболат Кемаладин, Дмитрий Филлипов).

Пікірсайысты ұйымдастырушылар жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады.

Студент жастардың өкілдері құқықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты түрде дебаттық турнирлер өткізуді және бұл процеске Шығыс Қазақстан жастарын көбірек тартуды ұсынды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo