Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменде информатика пәні бойынша семинар өтті

16 қараша күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 мектеп-лицейінде» информатика пәні мұғалімдерінің «Ортақ ой – нәтижелі іс» қалалық семинары өтті. 

Аталған шараның мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалану әдістемелерін жетілдіру, іс-тәжірибемен алмасу.  

Семинарға қаладағы информатика пәнінің мұғалімдері мен арнайы шақырумен келген ШҚМУ Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жантасова Ж.З., оқытушысы Садақбаева А.К., инженер-программист Айдарқанов М.А., «Информатика» мамандығының 2 курс магистранттары Таурат Д., Әлімқан М., және «Ақпараттық жүйелер»,  «Информатика»  мамандықтарының 1, 3 курс студенттері қатысты. 

Шараны салтанатты түрде ашып жұмысына сәттілік тілеп мектеп директоры Акитбаев Е.Т. сөз сөйледі. Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жантасова Ж.З. семинар жұмысына университет деңгейінде жасалып жатқан жұмыстар нәтижесімен семинар қатысушыларын таныстырды. 

Семинар бағдарламасына сәйкес «АКТ-ны сабақ үрдісінде тиімді пайдалану» коучингі, «3D модельдеу» шебер сыныбы, «Стандартты программалар. Блокнот және калькулятор» панорамалық сабағы өткізілді. 

 «Робототехника негіздері» пәнінің оқытушысы Садақбаева А.

Қазақ
× You found a Typo