Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменде ІVоблыстық «Студенттік көктем-2016» байқауы қорытындыланды

Фестивальдің басты мақсаты оқу орындары арасындағы шығармашылық бәсекелестікті арттырып, студент жастардың шығармашылығының дамуына қолдау көрсету, студенттік қауымдастықтың азаматтық белсенділігін арттыру.
- Өнерлілер сайысында бақтарын сынаған барша қатысушыларға тек шығармашылық табыстар тілеймін. Дүниеде көктемнен асқан көркем мезгіл жоқ. Сіздердің жастық көктемгі шақтарыңыз да мағыналы, тағылымды да сәнді өтуіне шын тілектеспін, - деп ізгі тілегін білдірді Жақсылық Омар.
Сонымен қатар, 4 кезеңнен тұратын өнер додасында «Үздік кәсіби алаң», «Үздік шығармашылық бағдарлама» номинациялары және жоғарғы оқу орындары арасындағы ғаламтордан он-лайн дауыс беру арқылы «Жастар таңдауын» анықтау акциясының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі гала-концертке ұласты.
Айта кету керек, аталған байқау облысымызда 4 мәрте ұйымдастырылып, жастар арасында қолдау тауып, сұранысқа ие іс-шаралар қатарына енгізілді.

Қазақ
× You found a Typo