Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменде «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24 желтоқсан күні «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның 75 жылдығына арналған «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қанипа Омарғалиқызының педагогикалық мұрасына арналған онлайн-конференцияға республика ұстаздары, ғалымдар мен зерттеушілер, Қ. Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-зерттеу лабороториясының 16 филиалы және 3 қауымдастық, білім беру және мәдениет саласының өкілдері, журналистер қатысты.

Конференцияда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев, Абай атындағы ҚазҰПУ «Латын әліпбиін үйрету» оқу-әдістемелік орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева, Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, ұстаздың шәкірті Түсіпхан Түсіпбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жанат Аймұхамбет, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шынар Құрманбаева баяндама жасады.

Конференция жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Қартаева модераторлық етті.

Университетіміздің ректоры Мұхтар Әділбекұлы «Қанипа Бітібаева – қазақ педагогикасының көрнекті тұлғасы» баяндамасында «Биыл ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын республика болып атап өтіп отырған уақытта абайтану ғылымына салмақты үлес қосқан әдіскер-ұстаз Қ. Бітібаеваның туғанына 75 жыл толып отыруы үлкен сәйкестік» деп атап көрсетті. Қ. Бітібаеваның 1987 жылы алғаш өңірімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылуына ұйытқы болып, сол уақыттан бері 2011 жылға дейін студенттер мен магистранттарға әдебиет пен әдебиетті оқыту әдістемесінен дәріс беріп, дипломдық, магистрлік диссертацияларға жетекшілік еткеніне тоқталып өтті. Университетімізде 2015 жылы Қанипа Омарғалиқызының 70 жылдығына орай оқу-әдістемелік кабинет ашылып, сол кабинет қазіргі күнде студенттер мен жас ғалымдар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып отырғанын жеткізді. Университетімізде Қанипа Омарғалиқызының шәкірттері – ғалым-профессорлар ұстаз еңбегін жалғастыруда. 2018 жылы алғаш «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантура ашып, қазіргі күнде Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясын зерттеуге арналған докторлық диссертация жазылып жатқанын да баяндады.

Қ. Бітібаева атындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының жеңімпаздарына 2019 жылдан бері арнайы білім грантын тағайындап отырғанын атап көрсетті.

М. Әділбекұлы сөзінің соңын «Ұстаз есімін ұлықтау  –  ана тілімізге деген құрмет, әдебиетке деген қамқорлық, ұстазға деген ілтипат деп білеміз» деп қорытындылады. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo