Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемендегі 55 әлеуметтік қызметкер ШҚУ-да біліктілікті арттырудың онлайн курстарынан өтуде

Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында Кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы әлеуметтік қызметкерлерге арнап үш бағытта біліктілікті арттыру курстарын өткізуде.

Атап айтқанда, қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсететін әлеуметтік қызметшілер «Қарттар, мүгедектер және олардың отбасы мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориясы мен технологиялары» атты курсты тыңдауда. 

Ал психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге қамқорлық жасайтын әлеуметтік қызметкерлер «Мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік жұмыстың теориясы мен технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыруда.

Әлеуеметтік қолдау бөлімдерінің меңгерушілеріне «Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруда персоналды басқару» атты курс ұсынылды.

Онлайн курсқа барлығы 55 әлеуметтік қызметкер қатысуда. Курсты университетіміздің жетекші мамандарының бірі, п.ғ.к., доцент Г.Н. Губайдуллина өткізуде.

Мұндай іс-шаралар екі тарап қызметінің әртүрлі аспектілерінде серіктестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.

Б. Келгембаева,

Кәсіби дайындық және біліктілікті

арттыру ресурс орталығының директоры

Қазақ
× You found a Typo