Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемендегі №30 орта мектепте «Ашық университет» акциясы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы «Ашық университет» акциясы аясында Өскемендегі №30 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары мен университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В. Ровнякованың кәсіптік бағдар беру кездесуін ұйымдастырды.

Ирина Владимировна балаларды Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу форматымен, жергілікті бюджет есебінен және мемлекеттік білім гранттары мен гранттарды тағайындау конкурсына қатысу рәсімімен таныстырды. Сондай-ақ, проректор тестілеу кезінде оқушылардың бейіндік пәндерді таңдауына баса назар аударды, өйткені білім беру бағдарламаларының белгілі бір тобына түсу осыған байланысты. Түлектер өзекті және толық ақпарат алды.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo