С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Берік Туғанбаев Өскемендегі №4 мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Ол түлектерге кафедра қызметі, мамандықтары, мемлекеттік тестілеуге шығарылатын пәндер туралы толық ақпарат берді.
Оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, олардың бәріне тұщымды жауаптар берілді.
Кездесу соңында оқушыларға буклеттер мен көрнекі материалдар таратылды.
Баспасөз қызметі