Өскемендегі №5 мектептің 9-шы және 11-ші сынып оқушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың және оның Жоғары колледжінің ашық есік күніне қатысты.
Оқушылар №1 және №3 оқу ғимараттарын аралап, Криминалистикалық орталықты көрді. Дактилоскопия, фоторобот жасау бойынша шеберлік-сыныптарына қатысты.
Экскурсиядан соң Жоғары колледж оқытушысы Айгүл Қылиманова оқушыларға ЖОО-ға түсу бойынша кеңес берді.
Сондай-ақ, оқушылар Жоғары колледж кітапханасында болып, қызметкер Шынар Нәбиева әдебиеттерге шолу жасады.
Іс-шара соңында оқушылар колледж мамандықтары бойынша білімдерін тексеріп, тест тапсырды.
Баспасөз қызметі