Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскемендік оқушылар ШҚМУ-дың «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми-білім беру кешеніне болды

А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 11 сынып оқушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми-білім беру кешенінде болды.

«Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» кешенінде биология кафедрасымен бірлесе қала мектептерінің оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, кәсіби бағдар беру басталды. Биология кафедрасының аға оқытушысы Б. Карменова оқушыларға дәріс оқыды. Оқушылар дәріс тыңдап, көп сұрақтар қойды. 

Көбі биология, география пәндерін таңдап, ШҚМУ-ға түсуге тілек білдірді.

«Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» кешенінің меңгеруші К. Алипина кәсіптік бағдар беру мақсатында экскурсия өткізді. В. Бажанов атындағы табиғат мұражайымен, кеппешөп кабинетіндегі коллекциямен, геология кабинетінің минералдарымен, фитохимия, фармакология және фармакогнизия зертханаларымен таныстырды. Оқушыларға ШҚМУ-дың биология, биология-жаратылыстану, аңшылықтану және аң шаруашылығы, география білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Оқушылар университеттің кеппешөптер үлгілеріне, геология кабинетінің минералдарына үлкен қызығушылық танытты.

Экскурсиядан кейін оқушылар ақпарат үшін алғыс білдіріп, семинарлар мен дәрістерге қатысу үшін оқу орнымызға тағы келуге тілек білдірді.

Биология кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo