Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өскеменнің Шәкәрім атындағы №1 мектебінде семинар өтті

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы мен педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы бірлесіп Шәкәрім атындағы №1 мектептің мұғалімдеріне «Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысының жаңа тәсілдері» атты семинар өткізді.

Қазір педагогтарға тәрбие беру үрдісін ұйымдастыруға қажетті құзыреттіліктерді жетілдіріп отыру талап етіледі. Бізді қоршаған дүние, қоғам жедел өзгеруде, соған байланысты тәрбие жұмысына қойылатын талап та, оны жүзеге асыру құралдары да өзгеруде. Педагогтар қазіргі заманның қатерлері мен сындарына даяр болуы қажет. Семинар тақырыбы жаңа заманның осындай талаптарынан туындады.

 Шәкәрім атындағы мектептегі 35 әріптесіміз қатысқан семинарды педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті Гаян Губайдуллина жүргізді.

Курстың  мақсаты – мұғалімдерді мектептегі тәрбие үрдісінің жаңа ғылыми әдіс-тәсілдерімен таныстыру. 

Семинарда бүгінгі күні мұғалімдермен қатар, ата-аналарды, оқушыларды толғандыратын маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, мінез-құлқы ерекше балалармен қарым-қатынас жасау, медиация, отбасы мен балаларға көмек беру орталықтарының жұмысы т.б.

Семинарға қатысушылар тәрбие жұмысының заманауи әдіснамасымен, тәрбиенің жаңа механизмдерімен, білім беру саласындағы медиация қызметінің орны мен қажеттілігінен хабардар болды. Бүгінгі күні білім беру жүйесінде дау-жанжал жағдайларын төмендету, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін медиация қызметіне жүгінудің, оны ұйымдастырудың алгоритмі талданды.

Семинардан соң тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo