Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Осы оқу жылында университеттің әдістемелік кеңесінің бірінші отырысы өтті

       16 қазанда ЖОО-да кафедра меңгерушілерінің қатысуымен әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында өзекті мәселелер талқыланды.

       Әдістемелік кеңестің қатысушыларына кафедраларда әзірленген екі жаңа эксперименттік білім беру бағдарламасы ұсынылды:

 - "Химиялық криминалистикалық сараптама" - химия кафедрасының меңгеруші Б.К. Шаихованың презентациясы.

- "Клиникалық психология" - психология және коррекциялық педагогика кафедрасының доценті С. А.Стельмахтың презентациясы.

            Талқылаудан және ұсыныстар енгізгеннен кейін эксперименттік білім беру бағдарламалары 2018 жылдың қазан айында өтетін ЖОО-ның Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсынылды.

           Факультет декандарының орынбасарлары университет факультеттерінде оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда қолданылатын жаңа тәсілдер туралы ақпарат берді. ЖОО әдістемелік кеңесінің мүшелері оқушылардың ОЖСБ-ға дайындығын ерекше бақылауға алуды, оқытушылардың жариялану белсенділігін арттыруды, элективті пәндер каталогын үнемі өзектендіруді ұсынды.

Жоғары оқу орнының білім беру үрдісіне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жоба аясында аударылған 18 кітапты енгізу туралы  ақпаратты Рухани жаңғыру мен ӘГК кафедрасының меңгерушісі Ф.К.Кабдрахманова және Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының  меңгерушісі А.М. Картаева ұсынды.

Баяндамашылар қазақ тіліне аударылған оқулықтар оқу үрдісінде белсенді пайдаланылатынын айтты. Оқу бағдарламаларында, пәндер силлабустарында әдебиеттер өзектілендірілгенін, дипломдық жұмыстар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптарына ұсынылғанын, ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының- меңгерушісі Ж. З. Жантасова ЖОО-да IT мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартудың негізгі жұмыстары мен  бағыттары туралы баяндама жасады.  

 Әдістемелік кеңес отырысы барысында сондай-ақ "ОӘО дайындаудағы негізгі талаптар бойынша  сұрақтар  талқыланды.  (әдістемелік жұмыс, іс- тәжірибие және жұмысқа орналастыру бөлімі бастығының м.а. Н. Рүстемованың ақпараты). Сондай-ақ "ШҚМУ 005-18 - электрондық әдістемелік бюллетень туралы ережені әзірлеу туралы  (академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. С. Стеблецованың ақпараты). Факультеттердің ұсыныстарына сәйкес 2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік онкүндік өткізу кестесі бекітілді.

Университеттің  ПОҚ басылымға ұсынылған  оқу әдістемелік құралдарының мазмұнының сәйкестігін бағалау бойынша сараптау  комиссиясының төрағасы А. А. Алимхан осы жылдың қазан айында ЖОО оқытушылары әзірлеген оқу құралдарын университеттің әдістемелік кеңесіне ұсынды.

УӘК мүшелері отырыс  қортындысында  қаралған мәселелердің өзектілігін тағы да атап өтті.

Әдістемелік жұмыс, іс- тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo