Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Осы жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды 1500-ден астам түлек бітіреді

Ағымдағы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды бакалавриаттың 1566 түлегі бітіреді деп күтілуде, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 483, ауылдық квота шеңберінде 45, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" бағдарламасы шеңберінде 264 студент.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ақпараты бойынша грантпен оқыған студенттерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте 2020-2021 оқу жылына дербес бөлу жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуды аяқтаған түлектерді бөлуді ұйымдастыру бойынша жұмыстың циклограммасы бекітілді. Сонымен қатар, екінші семестрден басталатын мамандықтар бойынша атаулы Бос орындар жәрмеңкелері жоспарланған. 

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 4 курс студенттерімен әрбір мамандық бойынша жеке-жеке пысықтау бойынша қайталама ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу кестесін бекітті.

Айта кету керек, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті әзірлеген мемлекеттік білім беру грантын өтеу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Басты өзгерістердің бірі – педагогикалық мамандықтағы жас мамандардың кез келген білім беру ұйымдарында жұмыс істеу мүмкіндігі, бұрын заңға сәйкес олар тек мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істей алатын.

Үкіметтің №390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар ресми бекітілгеннен кейін ол танысу үшін кафедралар мен факультеттерге жіберіледі.

Сонымен қатар, 2021 жылғы түлектерді алдын ала жұмысқа орналастыру туралы ақпарат жинау жұмыстары басталды, университеттің өкіміне сәйкес ақпарат пен растайтын құжаттарды ұсыну жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ түлектердің тізімі қосымша жіберілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo