Ағымдағы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кеңесінің талқылауына және бекітуіне 284 диссертация ұсынылды.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 1 курс магистранттарының 177 магистрлік диссертациясын, 2 курс магистранттарының 75 магистрлік диссертациясын, бейінді бағыт бойынша 1 курс магистранттарының 19 магистрлік жобасын, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 1 курс докторанттарының 13 докторлық диссертациясын қарау ұсынылды.
Магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптарының өзектілігі, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы университеттің бітіруші кафедраларының отырыстарында талқыланып, кафедра меңгерушілері ғылыми кеңестің талқылауына және бекітуіне ұсынылды.
Магистрлік диссертациялардың рецензенттері – ғылыми зерттеулердің бағытына сәйкес келетін жоғары оқу орындарының, зерттеу орталықтарының, мемлекеттік басқару институттарының ғалымдары.
Баспасөз қызметі