Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын !

7 мамыр күні Қазақстанда аталып өтілетін Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі, отанымызды қорғау жолында қалтқысыз қызмет атқарып жүрген қазақстандықтардың ерліктерінің айқын көрінісі. 

"Ер - елінің қорғаны" деген сөз бар халқымызда. Біздің ерлер қай заманда болмасын батырлықтарымен, қайтпас қайсар рухтарымен көзге түскен. Бұл мейрам еліміздің намысын қорғап, мерейін үстем етіп жүрген барлық ерлердің мерекесі. 

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін. 

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә. У. Қуандықов 

Қазақ
× You found a Typo