Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мерекеге орай Жоғары колледж басшылығы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірнеше көпбалалы отбасыларға баруды ұйғарды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Таранова мен колледж психологы А. Талғатұлы отбасыларды мерекемен құттықтап, оларға шағын сыйлықтар тарту етті. Адамдар осы маңызды күні назардан тыс қалмағандарына қатты қуанып қалды.
Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға үлкен жанұялық бақыт тілейміз!
Жоғары колледж