Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Өткен жылы ШҚУ-дың 400-ге жуық оқытушысы өз біліктілігін арттырды

Университеттің кадрлық әлеуетін қалыптастыру және педагогтардың кәсіби өсуі – С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2018-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының басым міндеттерінің бірі. 

Бұл міндеттерді Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы шешеді.  Өткен жылы біліктілікті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында – 40, шетелдік жоғары оқу орындарында – 6, ҚР ғылыми оқу орталықтарында – 9 оқытушы арттырды.

Біліктілікті арттыру жоғары оқу орындары арасында Н.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ жанындағы Қауіпсіздік басқармасы және арнайы бағдарламалар академиясы, (Нұр-Сұлтан қ.), Спорт және туризм академиясы (Алматы қ.), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.), Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ.), Б.Д. Карварский атындағы РПА Психотерапия және медициналық психология институты (Санкт-Петербор қ.), Шығыс Еуропалық психоанализ институтының ғылыми-зерттеу орталығы (Санкт-Петербор қ.), РУДН (Мәскеу қ.), ОМПМУ (Омбы қ.) бар.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнының қызметкерлері Қазақстандық сапа ұйымында, Менеджмент университетінде, "Профитренинг" ЖШС-де (Алматы қ.) біліктілігін арттырды.

Сондай-ақ, ШҚУ-да ЖОО-ішілік біліктілікті арттыру курстары өтті.  Курстар IT-сауаттылық, қашықтықтан білім беру технологиялары жағдайында оқу процесін ұйымдастыру теориясы мен практикасы, онлайн курстардың теориясы мен практикасы бойынша жүргізілді.

Өткен жылы 392 адам біліктілігін арттырды.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo