Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«PARASAT» ойындарынан жыл үздігі анықталды

Ақпан айында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің бастамасымен құрылған «PARASAT» интеллектуалды клубы жыл үздігін анықтады.

Жыл бойы 15 ойын өтіп, ауыспалы кубокты еншілеп, командалар бақ сынасты. Жыл үздігін анықтауға үш реттен жеңіске жеткен үш команда жолдама алды. Олар – физика мамандығының «Физиктер» командасы, «Шамшырық» шығармашылық клубының командасы, «Ділмар» дебат клубының «Құрама» командасы.

Жеңімпаз жаңа форматтағы «Oilan like» атты 4 бөлімнен тұратын сайыспен анықталды. Қорытынды бойынша жеңімпаз болып «Құрама» командасы танылды, екінші орынды «Шамшырақ», үшінші орынды «Физиктер» иеленді.

Жеңімпаздарға университет басшылығы бағалы сыйлықтар ұсынып, облыстық «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Маржан Бақытқызы кубок ұсынды.

Болашақта қазақ тіліндегі осындай интеллектуалды ойындар одан әрмен дамып, қолдау көбейеді деген ойдамыз.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo