Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Павлодар университетінің студенттерімен кездесу өтті

С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті журналистика мамандығының студенттері арасында кәсіби, шығармашылық байланыс орнатылды.

Қаламызға келген 2 курс студенттері Досжан Мұратбекұлы мен Қуат Серіков «Жебе» деп аталатын жобаны қолға алған. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының болашақ журналистерімен байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, белсенді студенттермен бірігіп, тың идеяларды жүзеге асыру.

Әр журналистің міндеті – қоғамдағы мәселелерді қозғап, олардың шешілу жолдарын іздеу. Сол себепті, біз жас журналистер ретінде қаламызда дүкен маңдайшалары, жарнама баннерлері, көше атауларының қазақ тілінде дұрыс жазылғанын тексеріп, рейд жүргізген болатынбыз. Нәтижесінде көптеген кемшіліктерді байқадық. Қазір сол олқылықтар біртіндеп түзетілуде. Біздің жобамыз көптеген мекемелер тарапынан қолдауға ие болды, − дейді журналист-шәкірттер.

Қонақтар алдағы уақытта Семейдің Шәкәрім атындағы, Көкшетаудағы Ш. Уәлиханов атындағы университеттерінде болуды жоспарлап отыр.

 Алтынай Бақытжан,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo