Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңның негізі – заңдылық, әлеуметтік әділдік, жауапкершілік, тұлғаны құрметтеу қағидалары

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қ-Ж. К. Тоқаев Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңына қол қойды.

Осылайша, педагог мәртебесі алғаш рет заңмен ерекше аталып отыр. Айталық, заңның 4 бабында Қазақстан Республикасында педагогтың ерекше мәртебесі танылатыны жазылған. Бұл мәртебе ұстаздың кәсіби қызметін іске асыруға қажет барлық жағдайды қамтамасыз етеді. Мұның өзі аталмыш мамандыққа деген құрмет сезімін қалыптастырады.

Бүгінгі таңда педагогтың құқықтары мен міндеттері заңнамалық деңгейде нақты белгіленген.

Педагогтардың кәсіби құқықтары қатарында кәсіби қызметті іске асыруға қажет жағдайлар жасау және материалдық-техникалық қамту; ғылыми, зерттеушілік, шығармашылық, тәжірибелік қызметтерді іске асыру, педагогикалық іс-тәжірибеге жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізу; шығармашылық бастамашылдық, авторлық бағдарламаларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін әзірлеу және қолдану, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, барынша жетілдірілген әдістерін дамыту және тарату және т.б. бар.

Заңда еңбек заңнамасына сай жұмыс берушіге жүктелетін педагогты кәсіби қызметті іске асыруға қажет жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша нормалар бекітілген және, ең маңыздысы, педагогты кәсіби міндеттемелеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салу арқылы олардың жүктемесін қысқарту бойынша нормалар белгіленіп отыр. 

Әлеуметтік құқықтар да, оның ішінде педагогтың материалдық қамтамасыз етілуге құқығы да маңызды мәселе болып саналады.

Атап өтерлігі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ өткен жылдың басында жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып өз оқытушылары мен қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға арттырды. Осы ретте үстемеақылардың барлық түрлері сақталып қалды, мұнымен қоса, мерекелік күндерге орай сыйақылар беріліп тұрады.

Қуантарлығы сол, жаңа заңға сәйкес мемлекеттік ұйымдардың педагогына негізгі жұмыс орны бойынша үстемеақылар белгіленді: философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін 17 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; ғылым кандидаты атағы үшін – 17 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ғылым докторы атағы үшін – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін 34 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.  

Орта білім берудің мемлекеттік ұйымында кәсіби қызметін іске асыратын педагогқа негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін заңмен бекітілген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үстемеақы белгіленеді.

Маңызды жайт: жергілікті атқарушы органдар педагогтарға заңмен бекітілген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында әрекет ететін 300 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сыйақы түріндегі қосымша ынталандыру төлемін белгілеуге құқылы.

Мұнымен қоса, заң баптарымен ынталандыру құқығы да көрсетілген.

Әлеуметтік кепілдіктер ішінде тұрғын үй, оның ішінде қызметтік баспана, жатақхана, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін; 56 күнтізбелік күн мерзіміндегі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын; кезекті еңбек демалысын беру кезінде күнтізбелік жылда 1 рет бір лауазымдық еңбекақыдан кем емес мөлшердегі сауықтыруға арналған жәрдемақыны ұсыну қарастырылған.

Алайда, құқықтармен қатар, заңда педагогтардың міндеттері де белгіленген.

Педагог өзінің қызметінде тиісті кәсіби құзіреттіліктерге ие болуға; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаларын сақтауға; білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарында қарастырылған талаптардан төмен емес оқыту мен тәрбиелеудің сапасын қамтамасыз етуге; өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде бес жылда бір реттен кем емес біліктілік санатын арттыруға (растауға); педагогикалық этиканы сақтауға және т.б. міндетті.

Мұнымен қоса, заңдылық, адалдық, жауапкершілік, тұлғалардың ар-ұжданын құрметтеу қағидаларына негізделетін «педагогикалық этика» нормасы бекітілген.

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo