Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру туралы ұсынысын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика мамандықтары студентері зор қуанышпен қабылдады. Студенттер үшін бұл ынталандыру факторы ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыруда маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Бұл мемлекет тарапынан мұғалім мамандығының беделін арттырып және әлеуметтік қолдау көрсетуге, жас мамандарды ынталандырып, бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған заңнамалық шара.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген