Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы «Мектеп – ЖОО» траекториясы бойынша Ұлан ауданында әдістемелік жұмыс жүргізді

Ұлан ауданы І.Айтықов ауылының Қ. Қайсенов атындағы орта мектебінде Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушылары «Мектепте ғылыми жұмысты ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Қазіргі қоғам адамгершілік және мәдени құндылықтардың жандануына, тез өзгеретін әлемде білім беру жүйесімен бағдарлай алатын шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуге деген үлкен үмітпен байланысты.

Мектептің оқу-тәрбие процесінде қолданылатын тұлғаны дамытудың педагогикалық технологиялары ерекше өзектілікке ие.

Мектепте жобалық қызметті ұйымдастыру оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылының «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ әкімшілігінің шақыруымен мектеп мұғалімдер ұжымымен «Мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа жұмылдырудың әдістемелік негіздері» атты семинар өткізілді. Семинарды «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының доценті, п.ғ.к. К.У. Қасентаева және аға оқытушы, магистр А.К. Қозыбаева өткізді.

Семинар барысында ғылыми жоба түсінігіне және оның түрлеріне анықтама бере отырып, оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, ғылыми аппаратты құрастыру, тақырыпты таңдау өзектілігі, мақсат пен міндеттер, болжау, зерттеу жұмысын жүргізу ерекшеліктері, оны талапқа сай рәсімдеу, жобаға қойылатын заманауи талаптар жайлы толық баяндама жасалды.

Семинар жұмысы топтық жұмыс әдісімен алмастырылып, гуманитарлық бағыттағы және жаратылыстану бағытындағы пәндер топтары жеке дара зерттеу жұмысының тақырыбын таңдап, оның мақсаты мен міндеттерін анықтап, өрнектеу жұмыстарын жүргізіп ортаға талқылауға салды. Өзара пікір алмасу негізінде әр бағыттағы топтар қандай өзекті тақырыптар бүгінгі күні зерттеуді талап ететіні жайлы жалпы ақпарат алысты.

Сонымен қатар, 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап аталмыш мектеп орта білім беретін мектеп деңгейіне көшуіне байланысты кәсіби бағдар жұмысын жүргізу ерекшеліктері мен кәсіп таңдаудағы заманауи талаптарымен бейнекөрініс арқылы таныстырылды және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің мамандар даярлау бағыттарымен таныстырылды.

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo