Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасында «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау» тақырыбында ашық онлайн семинар өтті.
Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Фариза Серікбекқызы Кенжебекова «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау» тақырыбында ашық онлайн семинар өткізді.
Сабаққа кафедра оқытушылары қатысты. Студенттер дәрісте алған білімдерін белсенді көрсетті. Интеграция идеясын жүзеге асыру, өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерін қолдану бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Сабаққа қойылған барлық тапсырмалар орындалды.
Баспасөз қызметі