Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушылары онлайн кураторлық сағатын өткізді

Педагогика, психология және мәдениет факультеті Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушылары академиялық топтарымен бірге ZOOM платформасы арқылы онлайн кураторлық сағатын өткізді.

Кураторлық сағатқа «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-3 курс студенттері, кафедра оқытушылары Г.К. Макшиева, Г.К. Нығметжанова, Б. Базарбек, А.В. Косынцева, Г.К. Қилыбаева қатысты.

Кураторлық сағаттың мақсаты – қашықтан білім алу жағдайындағы мәселелерді талқылау. Осы тұрғыда «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-2 курс топ кураторы Г.К. Макшиева COVID-19 пандемиясына байланысты 1-курс студенттерімен «Барлығы үйде: карантиндегі әлем қалай?», 2-курс студенттерімен «Біз қашықтықтан оқимыз.  Сіз үйде қалыңыз!», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1,3 курс топ кураторы Г.К. Нығметжанова 1-курс студенттерімен «Ауылдық аймақтағы қашықтықтан білім алу жағдайында кездескен мәселелер, студенттер көзқарасымен», 3-курс студенттерімен «Қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары», орыс бөлімінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1-3 курс топ кураторы А.В. Косынцева «Коронавирус: без паники!», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1,3 курс топ кураторы Г.К. Қилыбаева 2-курс студенттерімен «Төтенше жағдай кезінде халық өмірі үшін күресіп жүрген азаматтардың еңбегі», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттерімен «Мен үйде қашықтан оқимын, сіз де үйде қалыңыз» тақырыптарын талқылады.

Осы кураторлық сағаттарда Бибазарова Гүлім, Жұмағалиева Әйгерім, Адалбек Жарқынгүл, Болат Айдана, Қанашева Аяулым, Қапарқанова Алтынай, Нәбиева Шырайлым, Қанатбекова Гүлсанат, Әбішева Айзия, т.б. студенттер қосымша мағлұмат қарастырып, белсенділік танытты.

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo