Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Университетте оқу орыны түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараны Алтай ауданы әкімдігі және аудандық Білім бөлімі ұйымдастырды. Педагогикалық мамандық бітірушілеріне ауданның мектеп директорлары вакансиялар ұсыны, түйіндемелерді қабылдады.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты –  оқу орыны түлектерін жұмыс берушімен тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыруға ықпалдасу екенін айтады.

- Ең алдымен ынтымақтастық үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегенге алғыс айтқым келеді. Бірнеше жылдан бері әріптестік орнатып, кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізіп келеміз. Ауданда педагогикалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Бастауыш сынып мұғалімі, математика, физика, биология, химия, ағылшын тілі, орыс тілі, география сынды пәндер бойынша ұстаздар қажет, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Жәрмеңкеге 15 мектеп директоры қатысты. Средигорное орта мектебінің директоры Надежда Бурковскаяның айтуынша, шара жастар үшін бірнеше жұмыс берушімен бір жерде тікелей сөйлесуге мүмкіндік беруімен ұтымды. 

- ШҚУ педагогтарды дайындау ісінде үздік оқу орыны екенін білеміз. Өзім де осы ЖОО түлегімін. Жас ұстаздар қашанда сұраныста. Мысалы, біздің мектепке жақсы сағаттар жүктемесі ұсынылып отырған информатика және математика пәні мұғалімдері керек, - деді Надежда Бурковская.   

Мұндай шараларға қатысу –  мансап жолын енді бастағалы тұрған жас мамандар үшін аса маңызды. Айта кетейік, ШҚУ-да биыл педагогикалық мамандықты 719 түлек бітіреді. Оның 600-ден астамы мемлекеттік грант иегерлері.

Қазақ
× You found a Typo