Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Педагогиканы» оқу – мұғалім мамандығын игерудегі алғашқы қадам

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесі белсенді жаңғыртылу сатысына өтуде.

Оқыту жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жүргізілуде, оқушылардың үш тілді меңгеруіне жағдай жасалуда, сабақта мектеп оқушыларының білім беру қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қолдануда және оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалауды енгізуде. Осы аталғандардың бәрін меңгеру үшін мектепке жаңа формациядағы мұғалім қажет.

Білім беру саласындағы бағдарламалық құжаттарда мектепте ерекше қажеттілігі бар оқушылар мен дарынды балаларға ерекше назар аудару керек деп көрсетілген. Осыған байланысты, «Педагогика» пәні бойынша дәріс сабағында «Дарынды балалар мен арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» тақырыбы «Дефектология», «Биология», «Педагогика және Психология», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттерімен қарастырылғаны уақтылы және өзекті болды.  Сабақты педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гаян Губайдуллина жүргізді.

Сабақ «Талқылау платформасы» форматында өткізілді. Студенттер «Звездочки на земле» фильмінің үзіндісін тамашалады және талқылауға белсене қатысты, сол сияқты маңызды сұрақтардың жауаптарын табуға тырысты: Бүгінгі күнде қандай мұғалім болу керек? Дарынды бала деген кім?  Дарынды балаларға және арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға қалай көмектесуге болады? Мұндай балалардың ата-аналарына қалай көмектесе аламыз? Жаңа білім беру бойынша мұғалім болу деген нені білдіреді? 

Фильмді талқылау барысында студенттер өз ойларымен бөлісті. Барлығы  бір аудиторияда, бір фильмді көрсе де, ойлары әртүрлі мазмұнды, әр түрлі мәселені алға тартты. Бірі ескі жүйелі білім беруді, кейбіреулері ата-ана мен ұстаз салғырттығын айтса, бірі ерекше балалар жайлы білетінін, олармен жұмыс жасаудың ерекшелігі жайлы білетінін ортаға салды.

Фильм ешкімді бей-жай қалдырмады, студенттер фильмді бір деммен көрді, фильмді тек көздерімен ғана емес, жүректерімен де көрді деуге болады, сондықтан көптеген студенттер еріксіз көздеріне жас алды. Бұл көз жас фильмнің басты кейіпкері 8 жасар Ишанның кішкентай жетістіктері үшін қуаныш көз жасы болды.

Басқаша айтқанда, студенттер фильмді көруден кәсіби және тұлғалық, эстетикалық ләззат алды, фильмнің мазмұны көптеген студенттерге болашақ мамандығы туралы ойланып, әр баланың және қоғамның өмірінде қаншалықты күрделі және маңызды екені туралы шексіз ой түйді. Жалпы, сабақтан алғандары өмір бойы оқып ала алмайтын ойды саналарына құйғандай болды. Мүмкін бүгін ғана ұстаз мамандығының жауапкершілігінің жоғары екенін сезген шығар. Жұлдызды аспаннан емес, қасындағы балалардан іздеп, әр баланың өмірде жол тауып кетуі үшін еңбек етіп, мамандықтарын шексіз сүю парызы екенін түсінді.

«Педагогика» пәні – педагогикалық мамандықтарының студенттерінің оқылатын негізгі және маңызды пәндердің бірі. Әрбір сабақ педагогикалық іс-әрекет деп аталатын үлкен және қызықты әлемге жол ашады. Г. Губайдуллина жүргізген дәрістер әр дайым АКТ көмегімен белсенді және интерактивті түрде жүреді. Әрбір лекция диалог болып табылады, мұғалім сұрақтар қояды, студенттерді дәлелді жауаптарды беруге дағдысын қалыптастырады. Сондықтан студенттер тек лекция тыңдаушылары ғана емес, сонымен қатар белсенді қатысушылары болып табылады.

Гаян Нұрахметқызы студенттердің оқу іс-әрекетін әр түрлі тәсілдермен  ынталандырады: дәріс мазмұны бойынша өзіндік тұжырымдама жасау, «зуылдақ» және т.б. сабаққа кейде кешігіп келетін студенттер өз  шығармашылық қабілеттерін көрсетуі керек, мысалы, ән айту, өлең оқып, би билеу, жұмбақ жасыру т.б. Бұл тәсілдер студенттерде тәртіпті нығайтады, оқуға жауапкершілікті арттырады.

Қазіргі күндері Гаян Губайдуллина мерейтойын атауда. Осыған орай Ұстазға кәсіби жетістіктер, үлкен табыс, белсенді және дарынды, интеллектуалды студенттерінің көп болуын тілейміз!

Наргиза Сайфурова, Аида Маликова,

Алина Жанатқызы, Асан Әбен,

«Дефектология», «Биология», «Педагогика және психология»,

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандықтарының 2 студенттері

Қазақ
× You found a Typo