- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Семей қаласында Шәкәрімнің 160 жылдығына арналған республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Сайысқа Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей командалары қатысты.
Семей қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Білімді жастар – болашаққа жол бастар» республикалық пікір-сайыс турнирі болып өтті. Сайысқа Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Семей қалалары мен аудандарынан ең мықты деген командалар қатысты.
«Бірге-бір» фракциясы атынан ШҚМУ-дың студенті Әділ Манапбай және Жоғары колледжінің П-2Б тобы «Құқықтану» мамандығы студенті Әйгерім Қызырбекова қатысып, «Үздік фракция» дипломымен марапатталды.
Сондай-ақ, колледж студентінің қатысуына жағдай жасағаны үшін Жоғары колледж директоры Сәрсен Өтепов Шәкәрім университетінің ректоры М. Ескендіровтің алғыс хатымен марапатталды.