Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Пән апталығы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 27-29  наурыз аралығында  физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, физика магистры А. Б. Сатимбекова ашық сабақ апталығын өткізді.

Сабақ практикалық түрде жүргізілді. Метрология, стандартизация мен сертификация және Электротехника пәні атаулары бойынша дәрістер жүргізілді. Дәрісте студенттерге 50 минут ішінде мемлекеттік стандарты қарап отырып, стандарт қай стандарттау әдісімен жасалғанын анықтады. Әр стандартқа талдау жасауды үйретті.

Сонымен қатар студенттерге  2 сағат көлемінде (2 апта ішінде) тұрақты тоқтың электр тізбегін меңгеріп, кез келген күрделі электр тізбегі үшін жазылған Кирхгоффтың ережелеріне сүйеніп, контурлық тоқтар әдісін пайдалану арқылы есептің шешу жолын үйретті. Сабақты түсіндіру барысында слайд, видеоролик, ассоциограмма, тақтамен жұмыс сынды ақпараттық технологияларды қолданды.

- Дәріс барысында топтағы 7 бала сабаққа қатысып отырды. Есептің шешілу жолдары өткен тақырыпты ой картасы арқылы еске түсірілді. Кирхгофф заңдарына ағылшын тілінде бейне ролик ұсынылды.

Сабақ соңында тәрбиелік мағынасы бар «Бумеранг» атты күлімдеу құдіреті атты ағылшын тілінде бейне ролик көрсетілді. Сабақты бағалау ретінде рефлексия ретінде мұңаю, бақыт және қанағаттанбауларын көрсететін смайликтер ұсынылды, - дейді физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, физика магистры А. Б.Сатимбекова. 

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo