Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Пәндік-ықпалдандыра оқыту (CLIL) бойынша кезекті семинар-тренинг өтті

«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының ұйымдастыруымен үш тілді білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін оқытушылар үшін «Пәндік-ықпалдандыра оқыту кезінде оқушылардың жетістіктерін бақылау және бағалау» тақырыбында кезекті семинар-тренинг өтті.

Семинар жетекшісі, ШҚМУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының профессоры И. Ларионова қатысушыларға пәндік-ықпалдандыра оқыту сабағын жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу және ондағы оқушылардың білім деңгейін бақылауға байланысты түрлі тапсырмалар берді. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, оқытушылар физика, математика, әдедиет және информатика пәндері бойынша өз сабақтарын дайындап көрсетті.

Семинарда қатысушылар өз тапсырмаларын орындап, үйренген пәндік-ықпалдандыра оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта қолдануға әзір екендіктерін көрсетті.

«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo