Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Польшада ғылыми тағылымдамадан өтіп келді

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Физика жәнне технология кафедрасының аға оқытушылары Римма Сәкенова және Ләзат Баймолданова Вроцлав ғылым және технологиялар университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Оқытушылар Вроцлав университеті машина жасау факультетінің ғылыми зертханаларына экскурсия жасады, металлографиялық, рентгендік дифракционды, оптикалық спектроскопия, растрлық микроскопия және Раман спектроскопия зертханаларымен танысты. Оқытушылар инженерия докторы, профессор В. Виелебаның дәрістеріне, практикалық және зертханалық сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.

Заманауи құралдармен зерттеу жүргізу әдістерін игерді. В. Виелебаның жетекшілігімен диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жүргізді.

 Физика жәнне технология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo