Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Польшадан келген профессор «Еуропалық Одақтың инвестициялық құқығының негізгі Заң шығарушылары» атты дәрістер жүргізді

2017 жылдың 31 қаңтардан 6 ақпан аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Вроцлав университетінен келген профессор Роберт Стефаницкидің  «Еуропалық Одақтың инвестициялық құқығының негізгі Заң шығарушылары» атты дәрістері жүргізілді. 

Дәріске «Экономика және құқық» факультетінің «Азаматтық құқық» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттері қатысты.

Профессор Роберт Стефаницкидің дәрісі барысында, тарихи дамудың сатылары, сонымен қатар Еуропалық Одақтың заманауи динамикалық жағдайы қарастырылды. Әсіресе, қатысушылардың қызығушылығын тудырған Қазақстан Республикасын жеке Еуропалық елдермен және Еуропалық Одақпен бүтіндей салыстырмалы анализ берілгенінде.

Тұтас алғанда, профессор Роберт Стефаницкидің дәрістері қатысушылардың нағыз қызығушылығын тудырды.

Дәріс соңында, студенттер тарапынан профессорге дәрісті тереңінен ұғыну үшін көптеген сұрақтар қойылды. Кездесу қорытындысында, қатысушылар профессорге мазмұнды, пайдалы, терең және қызықты қарастырылған анализ үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo