- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Польшадан келген Люблин техникалық университетінің электроника және ақпараттық технологиялар Институтының профессоры DR.HAB.INZ Waldemar Wojcik IT технологиялардан факультет магистранттарына және профессорлық-оқытушылық құрамына дәрістер оқып шықты.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде 4 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында академиялық бағдарлама шеңберінде магистранттар мен оқытушылар құрамына Waldemar Wojcik «Дискреттік және цифрлық сигналдар мен жүйелер. Математикалық үлгілеу және талдау әдістері», «Рекурсивті және рекурсивті емес цифрлық сүзгілер. Құрылымдық орындау және синтездеу әдістері», «Фурье дискреттік түрлендіру негізіндегі цифрлық сүзгілеу және сигналдардың спектральдық-корреляциялық талдау әдістері», «Сигналдарды цифрлық өңдеу арнайы әдістері мен қолданбалары», «Сигналдардың цифрлық өңдеуінің аппараттық-бағдарламалық жүзеге асырылуының әдістері мен құралдары», «Сигналдарды талдау үшін Фурье түрлендіруін қолдану» және «Польшадағы ғылымның қазіргі жағдайы» тақырыптарына дәрістер оқып тәжірибесімен бөлісті.
Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы