Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Польшалық профессор Олександр Погребняк ШҚМУ-да дәріс оқыды

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика және технологиялар кафедрасына халықаралық ынтымақтастық шеңберінде физика-математика ғылымдарының докторы, Люблин университетінің профессоры (Польша) О.Д. Погребняк келді.

4 сәуірден бастап «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының студенттері мен магистранттары үшін танымал ғалым, профессор О. Погребняк «Металдар мен қорытпалардың бетін модификациялау» тақырыбында дәрістер оқып, сабақтар жүргізді.

Сонымен қатар, 5 сәуірде Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Наноматериалдар: қолдану және қасиеттері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Оған наноматериалдар және нанотехнологиялар саласындағы әйгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Люблин университетінің профессоры (Польша) О.Д. Погребняк қатысты.

Қырғыз Республикасы Ғылым академиясының аспиранты Н. Қантай «Жоғары вольтты ток өткізбейтін фарфорлы керамиканы алуда температура әсерін зерттеу», Алтай мемлекеттік университетінің аспиранты (Барнаул қ., Ресей) Е. Шевчук «Темір боридін алу тәсілдері», С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Р. Сәкенова «Ti, Mo, Cr, N негізіндегі көпқабатты жабындыларды зерттеу» тақырыбында баяндамалар жасады.

Семинарға «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Ядролық физика» мамандығының студенттері, сондай-ақ физика және технологиялар кафедрасының магистранттары мен оқытушылары қатысты.

 Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты. Модератор, профессор М. Қылышқанов қорытынды шығарып, қатысушыларға алғыс айтты.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo