Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіне акадмиялық ұшқырлық аясында келген Вроцлав ғылым және технология университетінің профессоры Войтек Виелеба дәріс оқып, кеңес беріп жүр.
Профессор Виелеба машина жасау және трибиология кафедрасын басқарады және осы бағыт бойынша Еуропаның жетекші ғалымы болып табылады.
Профессорды ректор М.Ә.Төлеген, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Д. Ерболатұлы, Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі Б.К. Рахадилов, «Сыртқы бет инженериясы және трибология» ҒЗО жетекшісі Ж.Б. Сағдолдина қабылдады.
Кездесуде бірлескен жобаларды әзірлеу және PhD докторларын дайындау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Профессор трибиология және сыртқы бет инженериясы бойынша «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының студенттері және «Физика», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтарының магистранттары үшін 90 сағат дәріс оқиды, физика және технологиялар кафедрасының докторанттарына, Ұлттық зертхана қызметкерлеріне кеңес береді.
Баспасөз қызметі