- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында жеке бас гигиенасына арналған онлайн ашық сабақ өтті.
Оқытушы Роза Рахимова «Салауатты өмір салтын құру» пәні бойынша «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа ZOOM бағдарламасы арқылы дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенттері, әріптестер қатысты.
Сабақ басында оқытушы гигиена туралы түсінік беріп, қазіргі әлемге тараған жұқпалы ауру кезінде әр адам жеке гигиенасын қатаң сақтауы, қолын күніне бірнеше рет сабынмен жуып, бетперде, қолғап киюі керектігін ескеретті.
Жеке гигиена туралы бірнеше студент өздері дайындаған слайдтарын көрсетті. Тері күтімі туралы Мирас Нұртас, ауыз күтімі туралы Тілеужан Сайлау, шаш күтімі туралы Айбын Апсаламов, киім күтімі туралы Гүлназ Ситиметова, тырнақ күтімі туралы Айбол Көпжасов баяндады. Әмір Мамырбеков слайд арқылы булы және құрғақ моншаның денсаулыққа пайдасы туралы айтты.
Оқытушы таңертеңгілік жаттығулар денсаулықтың бірінші қадамы екенін, сүртіну, сумен құйыну, душқа түсу жүйке жүйесін сергітіп, олардың жұмысқа деген қабілетін арттыратынын жеткізді.
Психология, педагогика және мәдениет факультеті