Психология, педагогика және мәдениет факультетінің басшылығы шетелдік студенттермен – Қытай, Моңғолия, Ресей азаматтарымен, топтардың кураторларымен кездесу өткізді.
Факультет деканы Г.Б. Куленова студенттерді «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы» Заңмен таныстырды, деканның оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары К.Д. Айылбаева виза беру, тіркеу, тіркеуді жаңарту, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.С. Байдрахманов студенттер үйлерінде тұру ережелері туралы әңгімеледі.
Кездесу соңында студенттер көптеген сұрақтар қойды, олардың басым бөлігі жазғы кезеңде студенттерді жұмыспен қамтуға байланысты болды.
Психология, педагогика және мәдениет факультеті