С.Аманжолов атындағы ШҚМУ психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы қашықтан оқыту үрдісі бойынша студенттермен кездесті.
16-наурыздан ЖОО-лар қашықтан оқытуға көшкен болатын. Алғашында оқуға қатысты көптеген сауалдар туындаған.
Қазір студенттерді аралық және қорытынды аттестацияға байланысты сұрақтар мазалауда.
Деканмен кездесуде студенттер осы сауалдарын қойып, толыққанды жауап ала алды.
Бірақ, ZOOM платформасы барлық қатысуға ниеттілерді сыйғыза алмады. Сондықтан, онлайн-кездесуге қатыса алмағандар сұрақтарын деканаттың электронды поштасына жолдай алады.
Баспасөз қызметі