Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ППжМФ еңбек ардагерлерін Ұстаздар күнімен құттықтады

Педагогика, психология және мәдениет факультеті мен педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы Мұғалімдер күніне арналған құттықтау апталығын ашты.

Қарттар күні мен мұғалімдер күні қарсаңында, 29 қыркүйек күні ППжМ факультетінің деканы Г.Б. Куленова, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Радченко, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Бөлекпаев, Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Д.С. Байдрахманов педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының ардагерлерін Л.Р. Әубәкірова мен Л.А. Федотованы құттықтады.

Ленста Рахымжанқызы Әубәкірова – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. 1969 жылдан бастап біздің ЖОО-да жұмыс істеді, оқытушыдан факультет деканына және проректор орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Людмила Андреевна Федотова – еңбек ардагері, тыл еңбеккері, биология ғылымдарының кандидаты, профессор. 1978 жылы Людмила Андреевна Өскемен педагогикалық институтына конкурс бойынша түсті, Бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі болды.

Ленста Рахымжанқызы және Людмила Андреевна – ҰЛАҒАТТЫ ұстаздар! Таңқаларлық талантты және әдемі жандар. Олардан үйренген және олармен жұмыс істеген адамдардың бәрі бақытты. Мұндай адамдар өмір жолында жиі кездесе бермейді.

Ардагерлерімізге мықты денсаулық, рух және тән сергектігін, сәттілік тілейміз! Сіздерді әрдайым құрмет пен махаббатқа, мейірім мен шаттыққа бөленіп жүре беріңіздер! Шыдамдылық пен адалдықтарыңыз үшін, өз білімдеріңізді басқалармен бөліскендеріңіз үшін, болашақ үшін еңбек етіп, оны жарқын етуге тырысқандарыңыз үшін, дамып, жетілуге көмектескендеріңіз үшін мың да бір рақмет! Сізге алғыс сөздерін жиі естіп, ұзақ ғұмыр сүруді тілейміз!

Сіздердің ерен еңбектеріңізді айырықша бағалап, құрметтейміз!

Педагогика, психология және мәдениет факультетінің декан

Қазақ
× You found a Typo